ЗАМАНАУИ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУҒА СЕПТІГІН ТИГІЗЕДІ

Иә, қандай ауру болмасын оны дер кезінде анықтап, емдеу жолдарын қарастыртырылмаса, оның соңы өкінішті жағдайларға соқтыруы мүмкін. Әсіресе, онкологиялық ауруды асқындырып алғандардың бұл дерттен құлан-таза айығып шығуы мүмкіндігі азайа береді. Сол үшін дер кезінде дәрігерлердің ақыл-кеңесіне жүгініп, аурудың алдын алған абзал және ол қаржылық тұрғыдан да мемлекетімізге тиімді.

Рас, көбіне аурудың асқынып кетуіне адамдардың өз денсаулығына немқұрайлықпен қарауы себеп болса, ал кейбірі, өз бетінше ем қабылдап, уақытты өткізіп, көптеген қателіктерге жол беріп жатады.

Жалпы, бұл аурудың белгілерін қалай білуге болады? Обырдан қалай сақтану керек? Міне, осы мазмұндас сұрақтар көпшілікті ойландыратыны белгілі. Қазіргі таңда, медицина жетіліп, дәрігерлер заманауи құралдармен жұмыс істей бастады, ол қаншалықты тиімді және нәтижелі болып жатыр? Біз бұл сұрақтарды Шымкент қалалық онкологиялық орталықтың директоры Жақсылық Мәуленовке қойған едік. Бас дәрігер өз сөзін «Ауырып ем ідегенше, ауырмаудың жолын ізде» деген ұлағатты сөзден бастады.

Иә, айтса айтқандай, мағынасы өте терең және еліміздегі әрбір 18 жастан асқан азаматының өмірлік ұстанымы болуы тиіс бұл сөздің астарында үлкен мән бар. «Жалпы обыр ауруларының алғашқы белгілерінің бірі, тамаққа тәбеті тартпай, бірте-бірте жоғалуы, – деді дәрігер. – итті тағамдарға жүректің айнуы, бірте-бірте аза бастау, өзін мазасыз сезінуі, әлсірей бастауы… мұның бәрі аурудың алғашқы белгілері болып табылады. Бұдан басқа, әр мүшенің өзіне тән белгілері бар, атап айтсақ, өкпе обырында, жоғарыда аталған белгілерден басқа жөтелдің себепсіз пайда болуы да қаіпті саналады. Әсіресе, үнемі темекі шегетіндерге бұл ауру да көбірек үйір болады. Ондай кезде өз бетінше ем жасамай дәрігердің кеңесіне жүгінген жөн. Қазір медицина жетілген, біздің орталық та заманауи құралдармен толылықтырылуда, бұл туралы қаламыздың бас дәрігері Бақытжан Позилов үнемі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа жеткізіп отыр.

Ал, орталықтың онкологиялық қызмет барысынан бір мысал келтірсек, маммологиялық бөлімшеде, міндетті әлеуметтік сақтандыру қорының енуімен, сүт безінің қатерлі емес ісіктеріне де ота жасауға мүмкіндік туып отыр, тек жергілікті онкологтан бағыттама алып келсе болғаны. Ең басты бөлімшенің жетістігі сүт безі обырынан болған отадан соң пластикалық отаның толық қанды жасалынып жатқандығы, өзінің тінін алу арқылы, бұл бөтендіктен қойылған тіннің ажырап кету мүмкіндігі болмайды. Бұл әдіспен отыздан астам ота жасалды, нәтижелері жақсы, ең бастысы науқастарға тиімді. Қазіргі таңда мемлекеттік бағдарламалардың бірі ретінде онкологиялық қызметті 2018-2022 жылдар аралығында жақсартудың кешенді жоспары әзірленді. Осы жоспардың аясында жүргізіліп жатқан скринингтік тексеру, соның ішінде сүт безі обырын және обыр алды ісіктерді ерте анықтап, емдеп, сауықтырдың нәтижесінде пациенттердің өмірін жақсартуға ықпалын тигізеді» дейді Жақсылық Оразбайұлы

.

Әйелдер арасындағы сүт безі – өте жиі кездесетін дерттің бірі. Әлемнің елуден астам елінде кездесетін бұл індетпен ауырғандар біздің қалада да аз емес екен. Яғни, бүгінгі таңда қалалық онкологиялық орталықта 6350 науқас жалпы обыр аурумен «Д» есепте тұрса, нәзікжанды әйел-аналар жағында сүт безі обыры басым бөлігін құрап, өмірінде алғаш рет анықталғандардың ішінде бірінші орынды алады.

Жалпы обыр ауруы қаламызда өткен жылмен салыстырғанда біршама аз, дегенмен, ақ желеңді абзал жандар бұл көрсеткіштің өзін одан да азайту жолында жұмыс істеп жүргендерін айтады.

Әрине, ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын қарастырғанға не жетсін. Ендеше, орталыққа жеткізілген заманауи аппараттардың көмегімен ауырудың алдын алуға, жиі тексеріліп тұруға уақыт бөлгеніңіз абзал.

Аман ЖАЙЫМБЕТОВ.