Халықтың көңілінен шыққан орталық
«Шебердің инесі де, соққан күймесі де алтын» деген. Қай салада болсын өз ісін жетік білетін маманның жүзі ашық, абырой-беделі биік болады. Мамандыққа адалдық турасында ой қозғағанда адам жанының арашасы бола білген ақ халаттыларға артылған жүктің жеңіл емес екенін аңғарамыз. Салада түйген-білгенім көп, болдым-толдым демей, шыңдалудан жалықпайтын дәрігерлер Т.О. Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығында қызмет атқарады. Қазақстан және Орталық Азияда жоғары қысымды оттегі бар арнайы барокамера Орынбаев орталығында бірінші болып ашылған, қазіргі таңда ТМД елдерінде аналогі жоқ болып табылады. Мекеме 1980 жылы ғылыми зерттеу орталық болып ашылған. Бұл орталықта 16 дәрігер кандидаттық диссертация қорғаған. ГБО орталығы мамандарды ҚР бойынша дайындайды.
«Емделушінің толық жазылуы үшін барлық жағдай қарастырылған…»
Орталықта әртүрлі ауыр жағдайларда келіп түсетін емделушілерге 8 бөлімше қызмет көрсетеді. Солардың бірнешеуіне тоқтала кетейік. Бароцентр – қазіргі таңда жоғары қысымды оттегімен емдеу терең және ауыр күйіктерде, уланудың барлық түрінде ковидтен кейінгі оңалтуда, жүктілік кезеңдеріндегі ұрықтың гипоксиялық жағдайларын емдеуге қолданады. Сонымен қатар токсикология бөлімшесі де бұл орталық үшін маңызды болып табылады. Бөлімнің бас маманының айтуынша қазіргі таңда суицид (өзіне-өзі қол жұмсау) деректері бойынша түсетін науқастардың саны артқан. Қоғамда жиі кездесетін бұл жағдай жастардың көп мөлшерде қарыздануынан және түрлі құмар ойындарға кіріп оңай жолы ретінде өзіне қол жұмсап жатады. Ерлі — зайыптылардың арасындағы түсініспеушілік қызғаныштың көп болу себептерінен болады. Емделушіні толық жазу үшін орталықта барлық жағдай қарастырылған. Психолог, психотерапевт мамандардың қабылдауынан кейін біз емделушіні үй жағдайында бақылауда ұстап, белгілі уақыт аралығында тексеру жұмыстарын жүргізіп отырамыз. Жалпы ата-аналарға ескертетінім балаларды қараусыз қалдырмаса екен. Қазір қыс мезгілінде газды дұрыс қолданбау нәтижесінен балалар уланып кейде өмірден қош айтысып жатады, — дейді Мақсат Минбосынов.
Жалпы токсикология бөлімішесі 25 төсек-орынға қарастырылған. Уланудың барлық түріне (дәрі-дәрмектен улану, көміртегі тотығынан улану, химиялық заттардан, спирттік ішімдіктерден улану және т.б) медициналық көмек көрсетеді. Бөлімше барокомплексті қолдана отырып улануды қысқа мерзімде және тиімді емдеп келуде. Орталықта сонымен қатар эндокринлогия бөлімшесі жұмыс жасайды. Шымкент қаласында эндокринология бөлімшесінің болмауы және Облыстық эндокринлогогиялық диспансерде қаралатын науқастар санының артуы себебінен осы бөлімше ашылды. Қазіргі таңда қала науқастырының портал күту мерзімі 10-12 айға созылуына байланысты бөлімше 45 төсек-орынға дейін артты. Қараусыз қалған науқастардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында паллитивтік көмек көрсету бөлімшесі жұмыс жасайды. Егде жастағы азаматтарға жылы орнында ауру түрлеру бойынша көмек көрсетіп, басқа да ауыр көріністерін жеңілдетуге, психологиялық шараларды және күтім көрсететін кешен болып табылады. Жалпы 55 төсек-орынға арналған.
Шымкент қаласында ең алғаш «Күйік бөлімшесі» Орынбаев орталығында ашылған
1969 жылы бірінші рет күйік бөлімшесі де дәл осы орталықта болды. Алғашында 40 төсек-орын болып ашылған бөлімше, қаражаттандырудың аз болуына және жоспарлаудың дұрыс болмауынан жылдан-жылға қысқара берген. Қазірге таңда бөлімшеде 25 төсек-орын қалған. Бөлімшеде күйік және үсік кезінде жарақаттардың кейінгі тері деффектерін қалпына келтіру отасы жасалады. Бұл ота түрлері жақын орналасқан облыстарда жасалмайды. Келешекте жоғары технологиялы медициналық қызметтердің «Теріні аллотеранспланттау» түрін жасау жоспарлануда,- дейді бас дәрігер Жанар Кунаевна.
Т.О. Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығында дәрігерлер әр бес жыл сайын кваликациялаудан өтеді. Дертіне дауа іздеп ауыр жағдайда келген науқастардың алғысына бөленіп жүрген ақ халаттылар жасаған әрбір емі үшін қуанатындықтарын жеткізді. Орталық директоры Мадина Сейфуллақызының айтуынша мұнда барлық қызметкерлер өз ісін нағыз сүйген мамандар. Өйткені емделуші үшін басты қажеттілік келесі жанға деген сенім.
— Өмір үшін күресте жанымды аман алып қалады деген үлкен үміттің болғаны да емдеу процессінде рөл атқарады. Науқас барлық дәрігерге сене бермеуі мүмкін, бірақ ақ халатты абзал жанмен өзара жақсы түсініскен кезде сырқаттың әу бастағы қорқынышы ақырындап басылады. Егер емделуші өзін еркін сезінсе, ал дәрігер оның жан дүниесін баурай алса, онда ол денсаулығы жайлы ашық әңгімеден қашқақтамайды. Әрбір науқасқа ем жасамас бұрын онымен болатын алғашқы әңгіме барлық мәселенің шешімі болуы мүмкін,- дейді орталық директоры Мадина Сейфуллақызы.
Адрес: г. Шымкент, ул. Турмахана Орынбаева, 44. Телефон: +7 7252 57-14-24, +7 701 121 7403.