Нағыз дәрігер

Қайырымдылығымен құрметке бөленген.

Әр сала мамандарының өзіне тән мінезі болады десек, адам жанының инженері саналатын медицина саласының қызметкерлеріне мейірімділік тән. Ақ желеңді абзал жандар деп әспеттелетіні де содан шығар. Қалай айтқанда да басың ауырып, балтырың сыздағанда алғашқылардың бірі болып көмекке келетіндер де, ем-домын жасап, науқастың көңілін аулайтындар да солар екені анық.

Міне сондай мінезінен мейірімділіктің, көңілінен кішіпейілділіктің, жүрегінен жанашырлықтың нышаны байқалып тұратын нағыз дәрігерлердің бірі деп «Сымбат-Нұр» клиникасының басшысы, уролог-дәрігер Бәтеш Омаровты айтуға болады. Отыз жылдан бері осы салада жемісті жұмыс істеп келе жатқан ол бүгінде өзі негізін қалаған клиникаға басшылық етеді. Оның медицина саласындағы еңбек жолы 1994 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының «Емдеу ісі» бойынша бітіргеннен кейін облыстық клиникада қатардағы дәрігер болып басталады. Одан кейін Шымкент қаласындағы №5 емханада оташы дәрігер болып екі жыл жұмыс істейді. 1997-2001 жылдары аталған емханада бөлім меңгеруші, 2001 жылы нағыз қыр асатын қырық жасында медицина орталығына бас дәрігер болып бекітіледі. Мұнда жеті жыл жұмыс істеп, іскерлігімен көзге түскен оған қаладағы №1 қалалық емхананың тізгінін береді. Бес жыл жұмыс істеп, сенімді ақтаған соң «Жедел жәрдемге» басшылыққа жоғарылатылады. Осылайша қызметтің сан түрлы қазанында қайнап, әбден ысылған соң өзінің жеке емханасының негізін қалайды. Бүгінгі таңда Шымкент қаласындағы мақтаулы медициналық орталықтардың бірінен саналатын «Сымбат-Нұрдың» аяққа тұрып кетуі алғашқы жылдары оңай болмағаны белгілі, бірақ білікті басшының іскерлігінің арқасында қиыншылықтың бәрі артта қалып, бүгінде бұл ұжым өзіндік орнын қалыптастырып үлгерді. Айта кетерлігі, кешегі аумалы-төкпелі экономикалық өтпелі кезеңдерде атқарылған еңбек бүгінде біршама ақталып жатыр. Ел арасында Бәтеш Айтбайұылының аты білікті басшы, нағыз дәрігер ретінде қалыптасты. Одан бөлек, орталықтың бас дәрігері Бәтеш Омаровардагерлерге көрсеткен қамқорлығы үшін «Алтын жүрек» медалімен, Ауған соғысы ардагерлері ұйымы «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығы кеңесінің шешімімен «Сауап» медалімен, Кеңес Одағының Батыры, генерал Сабыр Рақымов медалімен, Ұлы Отан және Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарықауымдастығы кеңесінің шешімімен Бауыржан Момышұлының «Батыр шапағаты» медалімен марапатталған.

Айтса айтқандай, денсаулық сақтау ісіне қосқан елеулі еңбегі үшін түрлі марапаттар алып, елдің алғысына бөленіп жүрген Бәтеш Айтбайұлының, әсіресе, өз ауылына жасаған қамқорлығының өзі бір төбе. Ордабасы ауданы, Жеңіс ауылында туып-өскен ол қай жылы бүкіл ұжымын бастап барып, өз ауылдастарына тегін медициналық қызмет көрсетіп қайтқаны бар. «Батыр болсаң жауыңа найзаң тисін, бай болсаң халқыңа пайдаң тисін» дегендей, әркім өз ауылына қолынан келген қызметін жасаса, азаматтық деген міне осы емес пе?!

Азаматтық демекші, Бәтеш Айтбайұлының қайырымдылық істері мұнымен шектелмейді. Әсіресе, қолынан ем алып, дертіне дауа тапқан адамдардың білікті дәрігерге айтар алғысы көп. Шынында да, жаны ауырған науқастың жағдайын түсініп, ертерек емделіп шығуына жәрдем беруінің өзі үлкен қайырымдылық емес пе?! Сірә мұндай қайырымдылықтың қаншалықты сауапты іс екенін жаны ауырғандар жақсы түсінсе керек.

Рас, бүгінгідей аурудың түрі көбейіп, емделудің жолы ауырлаған заманда басың ауырып, балтырың сыздай қалса, едел-жедел ем алудың өзі қағазбастылық пен маман жетіспеушілігінен үлкен мәселеге айналып отыр. Көптеген науқастар аурудың алды біліне бастағаннан дәрігерге барудан қашқақтайтыны да содан. Тіпті кейбіреулері емханалардағы ұзын-сонар кезектен қашып, арнайы маман болмаса да аузында жылы сөзі бар халық емшілеріне барып жатады. «Мың түрлі дерттің мың бір түрлі емі бар» дегендей, кейде науқастың бақытына қарай әлгі емшілердің айтқаны айдай келіп, жанына батқан ауруынан құлан-таза айығып кетіп жататындар да бар, олардың да еңбегін жоққа шығаруға болмайды, дегенмен кәсіби медицинаның орны қашан да бөлек қой. Міне, көріп отырғандарыңыздай, бәрі де сол дәрігерге жеткенге дейінгі қиыншылықтардан қашады. Қашқанда, өзі науқас адамды ары-бері сарсылтатын бүгінгі жүйенің жетісіп тұрмағаны тағы рас. Ал, өз ісін жетік білетін, жауапкершілікті сезінетін, обал-сауапты таразылай алатын имантаразы азаматтар осы олқылықтың орнын толтырып, өздерінің білім-білігімен халыққа қызмет етіп жатса жақсы емес пе?! Осы ретте тәжірибелі дәрігердің ұстанымы да біздің пікірімізбен ұштасып, ойымыз бір арнадан талыбып жатқанын айта кетейік. «Үкімет денсаулық сақтау саласын қолдауды жылдан-жылға арттырып келеді. Себебі Қазақстанда халықтың денсаулығын жақсарту мемлекет алдында тұрған стартегиялық міндет болып саналады. Сондықтан медицина бүгінге дейін көп реформаларды бастан өткерді. Оның жемісін халық енді көре бастады. Соның бірі – адамдардың өзі таңдаған емханасына барып тіркелуі. Бұл өз кезегіндеемдеу мекемелерінің арасында бәсекелестік тудырды. Ал оның нәтижесі денсаулық сақтау саласындағы сапаның артуына әкелетіні сөзсіз» дейді Бәтеш Айтбайұлы.

Оның айтуынша, бәсекелестік нарықта жекеменшік емханалар өз стратегиясын өзгерте бастады. Халықтың сеніміне ие болу үшін сапаға барынша көңіл бөліне бастады. Соның нәтижесінде қазір көптеген жеке клиникаларда жайлы жағдай қарастырылған. Адамдар кезек күтіп шаршамайды. Тиісті медициналық аппараттармен мүмкіндігінше қамтуға тырысуда. Оған мысал келтірген бас дәрігер бүй дейді: «Мемлекеттік емханаларда қандай медициналық көмектер көрсетілсе, дәл сондай қызметті біз де ұсынамыз. Өйткені жекеменшік емдеу мекемелері мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейді. Мәселен, жасы қырыққа жақындаған әйелдер мен ер кісілер скрининг тексеруінен өтіп тұруы керек. Себебі бүгінде ер-азаматтарда жүрек қан-тамыры дерттері, әйелдерде көкірек безі және жатыр мойны обыры секілді дерт көп кездеседі. Осы аурулардың алдын алу үшін жекеменшік емханалар да скрининг тексеруін жүргізеді» дейді білікті бәрігер.

Міне, мұның өзінен нағыз дәрігерге, нағыз маманға тән пікірді аңғаруға болады. Бір жақсысы, Бәтеш Омаров сынды білікті дәрегерлер өздерінің ізбасарларын дайындауды да назардан тыс қалдырған емес. Ол егер өзінің бала кезден тәрбиесін көрген өз перзенттерінен шығып жатса тіпті жақсы. Айталық, өмірлік жолдасы Жадыра Жетпісбаева екеуі өмірге келтіріп, тәрбиелеп отырған бір ұл, екі қызының екеуі – Нұрсұлтан мен Сымбаты әкесінін жолымен медицина саласын таңдаса, Әсем есеп және аудит мамандығы бойынша білім алып жүр. Олардың осындай дәрежеге жетуіне нағыз дәрігер атанған әкесінің үлесі қаншалықты көп болса, олардың тәртібіне ұзақ жылдан бері мектепте ұстаздық етіп, мықты мұғалім атанған анасының да зор еңбегі бар.

Аман ЖАЙЫМБЕТОВ

«Сымбат-ҰР» медициналық орталығының мекен-жайы:
Шымкент, көш. Ильяева, д. 105.
Телефондар: +7 (7252) 54-86-19, +7 (7252) 43-22-84.

#нашмилыйдоктор#врачиказахстана#урологи#медцентршымкент