«Нұри МЕД»

Оңалту орталығында оралымды істер бар

Соңғы жылдары мүмкіндігі шектеулі балалардың шамадан тыс көбейіп кеткені шымбайға батса да шындық екенін жасыруға болмайды. Бұрындары әр ауылда бір-екеуі ғана кездесетін еді, қазір әр көшеде ерекше күтімді керек ететін балалар бар десек, асыра айтқандық емес. Мұны біреулер экологиялық жағдайдың күрт нашарлап кеткенімен түсіндірсе, тағы біреулер құнарсыз тағамдардың салдарынан екенін айтады. Қалай айтқанда да бұл дабыл қағатындай-ақ жағдай. Бірақ, біздің бүгінгі айтпағымыз, сал болып төсекке таңылғандар мен қасында күтушісі болмаса жалғыз өзін қалдырып кетуге болмайтын сондай науқастардың күтімі мен оларды оңалтуы жайында болмақ.

Иә, үнемі қасында күтушісі болуы тиіс ондай тағдырлардың шын мәнінде де өте қиыншылықпен күн кешіп жатқанын ойлағанда, оларды аяғаннан басқа амалың қалмайды. Ал, бір күн емес, бір ай емес, тіпті жылдар бойы ешқайда шыға алмай, мүмкіндігі шектеулі балалардың жағдайын жасап, қас-қабағын бағып отырған ата-аналарының тартып жатқан азабы еске түскенде, оларды да еріксіз аяйсыз. Осы орайда экологиялық жағдайлардың алдын алып, құнарсыз тағам шығарып, елге таратып жатқандарға неге тосқауыл қойылмайды деген ой келеді. Ал, ортамыздағы көмекке мұқтаж отбасылардың ауырын көтерісіп, әрекетіне қолдау білдірмесек, мүмкіндігі шектеулі бала өсіріп отырған отбасылардың да бір күні төзімі таусылып, шыдамы сарқылатыны анық. Қанша егенмен ет пен сүйектен жаралған адам шарлап, шалдығаны емес пе?!

Міне осыны ойлаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға ерекше көңіл бөлуді тапсырған болатын. Мұндай орталықтар мен мекемелерге сұраныс көп екенін ескерген жекелеген кәсіпкерлер мен осы саланы жетік білетін мамандар осындай орталықтар ашуға әрекет етіп жатыр.

Соның бірі ретінде осыдан екі жыл бұрын Шымкент қаласынан ашылған «Нұри МЕД» оңалту орталығын айтуға болады.

Жиырма орынға лайықталып ашылған орталықта әзірше он үш маман тұрақты жұмыс істейді. Туылғаннан бастап он сегіз жасқа дейінгі балаларға қызмет ететін онда жүрек, жүйке аурулары мен жақсы жетілмеген ішкі құрылыстарға ем жасалады.

Мұндағы мамандар тілінің мүкісі бар, сөйлеу қабілеті дұрыс емес, психологиялық ауытқуы бар балаларды одан әрі оңалтып, күтім жасайды. Орталық басшысы Севара Назарметованың айтуынша, науқас балалар ұзақ ем алғаннан кейін оларға ерекше күтім керек болады. Сондайда баланың ата-анасына ауыр тиеді. Сол ауырлықты жеңілдету үшін отбасы мүшелерімен, әріптестеріменнн, қолаушыларымен ақылдасып осындай орталық ашуға ұйғарым жасаған екен. Бүгінде жұмысын бір жүйеге келтіріп алған ұжым басшысы өздерінің қоғамға өте қажетті іспен айналыса бастағанын түсініп отырғанын айтады.

«Біздің кеңсеміз Шымкенттегі Қабанбай батыр көшесі №23-6 үйде орналасқан. Әрине, әжірше сәл тарлық ететінін де жасырмаймыз. Бірақ алдағу уақытта жұмысымызды ұлғайтамыз деген үмітіміз бар. Өйткені біздің оңалту орталығының қызметі бүгінгі қоғамда өте қажет. Кейбір науқас балаларға ұзақ уақыт ем жасау керек болады. Оны ата-аналар маман болмағандықтан атқара алмайды. Тіпті, оған мүмкіндігі де бола бермейді. Сол себепті біздің орталық сондай көмекке мұқтаж отбасыларға көмекке келіп, баланың ертерек сауығып кетуі үшін қызмет етеді» дейді ол.

Орталық басшысының айтуынша, олардың қызметіне жүгіну үшін алдымен өздері тіркелген жергілікті емханасына қаралып, тиісті жолдама алады. Сол жолдама арқылы олар балаға қандай көмек керек екенін анықтап, тиісті емін жасай бастайды.

Иә, оңалтуды қажет ететін ерекше балалардың санатына көптеген балалар кіреді. Статистикаға сенсек, елімізде мүмкіндігі шектеулі балалардың саны бүгінде 170 мыңнан асып шығылады екен. Бұл әрине өте өкінішті көрсеткіш. Ана мен баланың дені сау болсын десек, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының жақсы болуын ерекше қадағалау керек. Ал, оңалту орталығында ем алып жатқан бейкүнә бүлдіршіндер мен он екі де бір гүлі ашылмаған жас жеткіншектерге алып жүрген емі шипалы болсын деп тілейміз.

Аман ЖАЙЫМБЕТОВ.

Адрес центра: г. Шымкент, ул. Кабанбай Батыра, 26/3. Тел.
+7 778 676 3789.

Эл.адрес: nuri-med@mail.ru.

#аутизм#дети#детскийреабилитационныйцентр#нарушениеречи#передиагностика#педиатр#детскийневропатолог#логопед#эрготерапевт#психолог#кардиолог#массажист#лфкинструктор#