ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БЕЛАРУСИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР ЖҮРЕГІНДЕ АҚАУЫ БАР БАЛАЛАРҒА ОТА ЖАСАП ЖАТЫР

Беларусиядан келген білікті дәрігерлер Түркістан облыстық балалар ауруханасы базасында жүрегінде ақауы бар балаларға күрделі оталар жасап жатыр.

25 қараша күні басталған шетелдік мамандардың қатысуымен шеберлік сабағы 6 желтоқсанға дейін жалғасады. Бүгінге дейін беларустық дәрігерлердің қатысуымен үш балаға тың әдіспен операция жасалды.

Тәжірибе алмасу жұмыстары Беларусияның Минск қаласындағы Республикалық балалар хирургиясы ғылыми-практикалық орталығының дәрігерлері, соның ішінде Еуропалық кардиоторакалдық хиругтар қоғамының мүшесі Ю.В.Линник, дәрігер анестезиолог-реаниматологтар О.А.Кожемякинаның және А.А.Цильконың және облыстық балалар ауруханасының дәрігерлерімен бірігіп жүргізілуде.

Күрделі оталардан бөлек облыстық балалар ауруханасының кардиохирургия бөлімшесінде білікті мамандар жүрегі ауыратын балаларға кеңес беріп, диагностикалық тексерулер жүргізді.

Айта кетейік, шеберлік сабақтары «Жұлдызай және К» қоғамдық қорымен ұзақ мерзімді ынтымақтастық шеңбері аясында жүзеге асуда. Мұндағы басты мақсат – өңірдің дәрігерлеріне инновациялық технологияларды игеруде шетелден келген білікті маман арқылы ғылыми-тәжірибелік көмек көрсету.