В рамках совместной работы и сотрудничества с клиниками Южной Кореи.

 

  В рамках совместной работы и сотрудничества с клиниками Южной Кореи, два года назад был подписан меморандум между руководителем клиники «Сун-Чхун-Хьян» (SCH Soon Chun Hyang University Bucheon Hospital) и руководителем управления здравоохранения Туркестанской области Муканом Егизбаевым. Меморандум предусматривает тесное сотрудничество с ведущими клиниками Южной Кореи. Республика Корея в рейтинге мировых развитых стран в области медицины занимает ведущую позицию. В рамках Меморандума предусматривается бесплатное обучение наших врачей в клиниках Южной Кореи. За это время туда на месячные курсы по повышению квалификации ездили около 50 врачей, медработников, анестезиологов, хирургов, гинекологов.
У семимесячного Нуркена Елшибека врожденный порок развития челюстно-лицевой области, представляющий собой незаращение верхней губы ( хейлосхизис), то есть тяжелый порок развития лица — расщелины губы — общепринятое название «заячья губа». Мама малыша Нурила Исаева рассказывает, об операции в Корее ее семья не могла даже мечтать.

-Когда мой сын родился, никто не упрекал меня. Мы просто учились жить с этим недугом. Со временем это стало больше моей болью. Я упрекала себя и постоянно просила у сына прощение. В роду у нас нет этого,  в начале беременности я сильно грипповала. Лечилась долго. Врачи объяснили, что одно из возможных причин может быть и это. Это не только видимый дефект но и психологическая травма для нас, близких. Ему самому было трудно дышать, сосать грудь, все молоко вытекает. Живот болит постоянно. Почти всегда я его кормлю сидя и потом долго на руках носим. Иногда всю ночь ходим на руках. Расщелина очень большая и мы его почти не показываем. Все равно народ у нас таких людей воспринимает с ужасом. Тогда мы усиленно начали искать пути решения. Думали, оперировать в соседнем Узбекистане. Там операция стоит около 200 тысяч тенге по нашим деньгам. Потом узнали, что и наши врачи очень хорошо оперируют таких малышей. Только оперируют после 6 месяцев. И тут нам сообщили, что врачи из Кореи проведут такую операцию в благотворительных целях. Наш дедушка сразу отказался и запретил нам ехать, так как был уверен, что этого просто быть не может. Тем более, мы никогда заграницей не были. Боялись незнания языка. Главный врач нашей районной больницы Даулет Мусаев почти уговаривал нас, оказывается наш случай был самым тяжелым. Наша семья очень простая. Я учительница в школе, муж простой рабочий. Мы понимали, что если это  правда, то такой шанс дается только раз в жизни.  Тогда мы начали готовить документы и паспорта для меня и сына. Когда узнали, что с нами едет сотрудник управления здравоохранения Туркестанской области близкие успокоились. Нас тут встретили как родных. Соседи по палате все вежливые. Впервые я не боялась упрекающих взглядов. После всех обследовании нас прооперировали. Она длилась около 5-ти часов. Когда я увидела сына, мое сердце успокоились. Я и наша семья всю жизнь будем благодарны всем, кто помог нам. Мы благодарны Аллаху, за такой  шанс.Теперь все будет иначе и мы начнем уже другую жизнь, рассказала мама Нуркена Нурила Исаева.

Семимесячный Нуркен Елшибек из села Коксайек Толебийского района Туркестанской области вместе с мамой находится в Пучхонском госпитале при Университете «Сун-Чхун-Хьян» (SCH Soon Chun Hyang University Bucheon Hospital). Операцию ему провел один из лучших пластических хирургов клиники, профессор Ким Енг Пэ. Частная клиника взяла на себя абсолютно все расходы по приезду, обследованию и лечению малыша. Такой шанс стал возможным благодаря плодотворному сотрудничеству между университетской клиникой СунЧонХян (Южная Корея) и управлением здравоохранения Туркестанской области. После успешного проведения операции заместитель заведующего Пучхонского госпитале при Университете «Сун-Чхун-Хьян» (SCH Soon Chun Hyang University Bucheon Hospital), профессор Мин Генг Дэ лично навестил маленького пациента из Туркестанской области и вручил подарок.

По словам пластического хирурга Пучхонского госпитале при Университете «Сун-Чхун-Хьян» (SCH Soon Chun Hyang University Bucheon Hospital), профессора Ким Енг Пэ в мире есть люди, которые всю жизнь живут с таким пороком. Корейские врачи высоко оценивают труд, старания и желание наших докторов.Расщелина губы или нёба — врожденный, наследственный дефект. Причиной чаще всего является перенесенное матерью в первые 3 месяца беременности инфекционное вирусное заболевание. Принятие запрещенных для беременных препаратов и наследственный фактор.

Заячья губа (хейлосхизис) – порок развития челюстно-лицевой области, представляющий собой незаращение верхней губы. С заячьей губой рождается 0,04% младенцев, среди которых преобладают мальчики. Формирование расщелин губы и нёба происходит до 8-ой недели беременности, когда закладываются челюстно-лицевые органы. Расщелины лица редко являются изолированными пороками, в каждом пятом случае они представляют собой один их компонентов тяжелых врожденных синдромов. Коррекцией расщелин лица, восстановлением нарушенных функций и реабилитацией пациентов с такой врожденной патологией занимаются специалисты в области челюстно-лицевой хирургии, стоматологии, логопедии, педиатрии. Формирование заячьей губы, также как и волчьей пасти, обусловлено на генном уровне. Мутации TBX22-гена, вызывающие появление расщепления губы, могут провоцироваться токсикозом, стрессами, злоупотреблением антибиотиками, радиационным или инфекционным воздействием, употреблением наркотиков, алкоголя или курением будущей матери. Особенно опасно действие этих факторов в первые 2 месяца беременности. Еще один фактор риска развития заячьей губы – поздние (после 35-40 лет) роды. Определенную роль в формировании дефекта отводится гинекологической и обще-соматической патологии беременной.Определить рождение ребенка с заячьей губой можно по данным ультразвукового исследования плода на поздних этапах беременности. Если заячью губу не подвергнуть коррекции, она может вызвать у ребенка снижение личностной самооценки. У грудных детей с заячьей губой затруднены процессы сосания и глотания. Коррекция заячьей губы должна быть завершена к 3-м годам, когда начинается становление речи. В более позднем возрасте проводится логопедическое лечение, направленное на устранение речевых дефектов, и косметическое лечение по устранению послеоперационного рубца. К слову, по словам профессора, по прогнозам у мужчин с таким врожденным заболеванием, вероятное повторение болезни у детей составляет- 4%.Только в прошлом году в Туркестанской области проведена операция 78 детям. В этом году уже 108. В государственных медицинских учреждениях операция проводится бесплатно.Такая операция в Южной Корее стоит от 10 тысяч долларов США и проводят ее пластические хирурги. У нас оперируют детские челюстно — лицевые хирурги.

Пучхонский госпиталь при Университете «Сун-Чхун-Хьян» (SCH Soon Chun Hyang University Bucheon Hospital), с момента своего основания в 2001 г. , оказался в центре внимания благодаря приобретению самого современного оборудования и своему стремлению стать ведущим медицинским центром ХХI в. В настоящее время госпиталь рассчитан на 1 000 койко-мест и является единственным в регионе высокоспециализированным медицинским учреждением, в котором работает более 1 600 сотрудников,в числе которых 300 врачей, 600 медсестер и других работников.

В госпитале 31 специализированное отделение, а также 16 специализированных центров и 108 специализированных клиник, тесном сотрудничающих друг с другом. Таким образом, нам под силу выполнить самые сложные хирургические операции и излечение тяжелых заболеваний, и мы тщательно поддерживаем имидж чрезвычайно компетентного госпиталя.Кроме того, в клинике установлено новейшее медицинское оборудование и системы: сеть «WAMIS», система хранения и обмена изображениями, TLAS и EMR, которые позволяют нам самым профессиональным образом оказывать помощь своим пациентам.
Одновременно с основанием госпиталя работает Научно-исследовательский центр лабораторной медицины (Clinical Medicine Research Center).

 

   Төле би ауданы Көксәйек ауылының жеті айлық тұрғыны Нұркен Елшібек қазір анасымен Пучхон қаласында орналасқан «Сун-Чхун-Хьян» (SCH Soon Chun Hyang University Bucheon Hospital) клиникасында. Кішкентай пациентке отаны аурухананың ең мықты пластикалық хирургы, профессор Ким Енг Пэ жасады. Жекеменшік клиника науқас баланың медициналық тексеруін, операциясы мен барлық шығындарды өз мойнына алған. Қайырымдылық шарасы СунЧонХян клиникасы (Оңтүстік Корея) басшылығы мен Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың арасында қол қойылған меморандум аясында жүзеге асты. Корея республикасының медицина саласы әлемнің алпауыт елдері арасында алдыңғы қатарда келеді. Екіжақты келіссөз нәтижесінде күнгейдің ақ халаттылары аталған клиникаға барып шетелдің дәрігерлерінен дәріс алып, тәжірибе алмасып келеді. Осы уақыт ішінде денсаулық саласының 50ге жуық дәрігері, медициналық қызметкері, анастезиологтары, хирургтар мен гинекологтары ақысыз бір айлық оқу курсына барып қайтты.

   Жеті айлық Нұркен Елшібекке іштен туылған жоғарғы еріннің бітпеуі ( хейлосхизис) жақ-бет аймағының туа біткен даму ақауы, яғни бет дамуының ауыр кемістігі — “қоян жырық” диагнозы қойылған. Сәбидің анасы Нұрила Исаева баласына операцияны Кореяда жасауды отбасы тіпті армандай алмағанын айтады. Олардың тұңғыш қыздары дін -аман. Отбасы мұндай дертпен туылған Нұркенге отаны өзге елде тегін жасатуға мүмкіндік алғанын Алланың сыйы деп қабылдаған.

-Ұлым туғанда жақындарым бетіме баспады. Біз бұл жағдайы Алланың сыны деп қабылдадық. Ауыр бет ақауымен өмір сүруге үйренуге тура келді. Уақыт өте бұл баладан гөрі менің жаныма қатты батты. Мен ұлымды кеудеме қысып,жиі кешірім сұрайтын едім. Біздің тұқымымызда мұндай кесел болмаған. Аяғым ауыр кезде қатты тұмауратып, ұзақ емделуге тура келді. Кейін дәрігерлер баламның кеселіне осы әсер етуі мүмкін, деп болжады. Бұл кесел тек бетте ғана емес, психологиялық тұрғыда жанымызды ауыртар жағдай. Оның демалуы ауырлап, емгенде сүттің көбі далаға ағып, шашалып қала береді. Іші кеуіп кетеді. Отырғызып еміп, түнімен тұншығып қалмасын деп қолда ұстайтынбыз. Елді шошытып алмайық деп, аузының жырығын көрсетпеуге тырысамыз. Көрген жұрт тітіркеніп, қашқақтайтын. Бізде мұндайды қабылдау қиын шығар. Алланың жазғаны болған соң, көнбеске амал жоқ. Операцияны жасату үшін барлық жақтан сұрастыра бастадық. Көрші Өзбекстанда мұндай операция 200 мың теңге екен. Кейін өзімізде де мықты мамандар барын естіп, кезекке тұрдық. Отаны алты айдан кейін жасату керек болды. Осы кезде бізге Корея мамандарының қайырымдылық шарасы туралы айтты. Бірақ атамыз бірден бас тартты. Бұл не деген батпан құйрық, олай болуы мүмкін емес, деді. Оның үстіне шетелге ешқашан шығып көрмегенбіз, тіл білмейтініміз тағы бар. Сонда аудандық аурухананың бас дәрігері Дәулет Мұсаев біздің жағдайдың облыстағы ең ауыр түрі екенін айтты. Біз өте қарапайым отбасымыз. Мен мектепте сабақ берем, күйеуім қарапайым жұмысшы. Мұндай мүмкіндіктің бола бермейтінін түсініп, ұлымның бағы бар екен деп, жолға дайындалдық. Шетелге шығатын құжаттарды дайындай бастадық. Бізбен бірге Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының маманы баратынын естіп, көңіліміз орнына түсті. Бұл жерде бізді өте жылы қабылдады. Жанымызды ем алып жатқан әйелдер де баламды бөтен демеді. Операция бес сағатқа созылды. Ұлымды құшағыма алғанда ғана, барлық қиындық артта қалғандай сезіндім. Баламыздың тағдырына уайымдап, қол ұшын созған әрбір жанға алғысымыз шексіз. Мұндай мүмкіндік берген Аллаға мың шүкір. Енді өміріміз өзгеріп, жаңаша өмір сүретін боламыз, деді Нұркеннің анасы Нұрила Исаева.Корей елінің ең үздік клиникаларының бірінде Түркістан облысының кішкентай тұрғынына ауыр операцияны тегін жасалды.

Оңтүстік Кореяда мұндай операцияның құны 10 мың АҚШ долларынан басталады және оны пластикалық хирургтар жүргізеді. Өңірімізде мұндай отаны балалар жақ — бет хирургтары жасайды.

«Сун-Чхун-Хьян» (SCH Soon Chun Hyang University Bucheon Hospital) Университеті жанындағы Пучхон госпиталінің ең мықты  пластикалық хирургі, профессор Ким Енг Пэнің айтуынша, әлемде осындай аурумен өмір бойы өмір сүретін адамдар бар. Корей профессоры біздің дәрігерлердің беделін, еңбекқорлығы менталпынысын жоғары бағалайтынын айтып өтті.

Бұл кесел -туа біткен, тұқым қуалайтын ақау. Сондай -ақ, жүктіліктің алғашқы айларында  ананың жұқпалы вирустық аурулармен ауруы себеп болуы мүмкін. Жүкті әйелдерге көп препараттарды қабылдауға қатаң тиым салынатыны да содан.

   “Қоян жы рық”  (хейлосхизис) – жоғарғы еріннің бітелуін білдіретін жақ-бет аймағының даму кемістігі. Бұл дертпен 0,04% нәрестелер туады, олардың арасында ұл балалар басым. Еріннің ыдырауы жүктіліктің 8-ші аптасына дейін, жақ-бет органдары дамыған кезде пайда болады. Бет жарықшақтары сирек оқшауланған ақаулар болып табылады, әрбір бесінші жағдайда олар туа біткен ауыр синдромдардың бір компоненті болып табылады. Бет саңылауларын түзетумен, бұзылған функцияларды қалпына келтірумен және туа біткен патологиясы бар пациенттерді оңалтумен жақ-бет хирургиясы, стоматология, логопедия, педиатрия саласындағы мамандар айналысады. Мұндай кесел гендік деңгейде негізделген. Еріннің ыдырауын тудыратын tbx22-геннің мутациясы токсикозбен, стресстермен, антибиотиктермен, радиациялық немесе жұқпалы әсермен, есірткіні, алкогольді немесе болашақ ананың темекі шегумен тудыруы мүмкін. Жүктіліктің алғашқы 2 айында бұл факторлардың әсері әсіресе қауіпті. Қоян ерні дамуының тағы бір факторы – кеш (35-40 жастан кейін) босану. Ақауды қалыптастыруда жүкті әйелдің гинекологиялық және жалпыоматикалық патологиясы белгілі бір рөл атқарады. Жүктіліктің соңғы кезеңдерінде ұрықты ультрадыбыстық зерттеу деректері бойынша қоян ерні бар баланың тууын анықтауға болады.

Егер мұндай ақау түзетілмесе, ол балада тұлғалық өзін-өзі бағалаудың төмендеуін тудыруы мүмкін. Емшектегі балаларда “қоян жырық” ему және жұтынудың бұзылуы болады. Оны түзету баланың тілі шыққанға дейін, яғни, 3 жасқа дейін жасалу керек. Одан кейін сөйлеу ақауларын жоюға бағытталған логопедиялық емдеу және операциядан кейінгі тыртықты жою бойынша косметикалық емдеу жүргізілуі де мүмкін. Профессордың айтуынша, осындай туа біткен аурулары бар ерлердің балаларында аурудың қайталануы 4% — ды құрайды. Тек өткен жылы Түркістан облысында 78 балаға осындай ота жасалды. Осы жылы олардың саны — 108-ге жеткен. Мемлекеттік медициналық мекемелерде операция тегін жүргізіледі. Операция сәтті өткізгеннен кейін «Сун-Чхун-Хьян» Университеті жанындағы Пучхон госпиталі меңгерушісінің орынбасары (SCH Soon Chun Hyang University Bucheon Hospital), профессор Мин Генг Дэ Түркістан облысынан келген кішкентай науқастыңжағдайын сұрап келіп, сыйлық табыс етті.

2001 жылы құрылған уақыттан бастап, Sun-Chun-Hyan университетінің  Бучон ауруханасы (Шон Ханг университетінің Бучон ауруханасы) заманауи жабдықты сатып алу және ХХІ ғасырдың жетекші медициналық орталығы болуға деген ұмтылыстың арқасында назарында болды Қазіргі уақытта аурухана 1000 төсек сыйымдылығына ие және облыста 1600-ден астам қызметкер, оның ішінде 300 дәрігер, 600 медбике және басқа да қызметкерлермен жұмыс істейтін жалғыз жоғары мамандандырылған медициналық мекеме. Ауруханада 31 арнайы бөлім бар, сондай-ақ 16 мамандандырылған орталық және 108 мамандандырылған емхана бар, олар бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Бұдан басқа, клиникада жаңа медициналық жабдықтар мен жүйелер орнатылған: «WAMIS» желісі, бейнелерді сақтау және алмасу жүйесі, tlas және EMR. Госпиталдің негізімен зертханалық медицинаның ғылыми-зерттеу орталығы (Clinical Medicine Research Center) жұмыс істейді.