Түркістан облысының тұрғындарын еліміздің үздік кардиологтары қабылдауда.

Түркістан облысы орталық емханасында ҚР Президенті іс басқармасы медициналық орталығы ауруханасының көшпелі тобы өз жұмысын бастады. Облыс  халқын дәрігер кардиолог Рауза Сұлтанова, дәрігер аритмиолог Шалқар Смағұлов, дәрігер кардиохирург Жеңіс Қозыбаев және дәрігер травматолог Жетпіс Сүлейменов қабылдап, кеңес беруде.

Аз ғана уақыттың ішінде жүзге жуық түркістандық Елордадан арнайы келген білікті мамандарынан кеңес алып үлгерді. Олардың арасында ем — домын ҚР Президенті іс басқармасы медициналық орталығы ауруханасында жалғастырып не осы ауруханада ота жасатуға мүмкіндік алғандар да бар.

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың мұрындық болуымен келген  ҚР Президенті іс басқармасы медициналық орталығы ауруханасының жоғары санаттағы дәрігерлері облыс тұрғындарын екі күн бойы қабылдайды.

Қазақстанда жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының деңгейі бойынша статистика аса ауыр емес – өлім-жітімнің 60% себебі жүрек аурулары болып табылады. Бүкіл әлемде жүрек-қантамыр аурулары халық өлімінің негізгі себебі болып қалуда. Еуропаның көптеген дамыған елдерінде бұл көрсеткіш өлімнің барлық жағдайларының 40% — ына дейін жетеді.

 

 

 

Лучшие врачи страны дают консультацию пациентам Туркестанской области. 

Всего за несколько часов врачи успели проконсультировать около ста пациентов, некоторые из них получили возможность продолжить лечение и даже прооперироваться в больнице Медицинского центра Управления Делами Президента Республики Казахстан.

Миссию по улучшению здоровья туркестанцев взял на себя Больница Медицинского центра Управления Делами Президента Республики Казахстан — лидер в нашей стране по оказанию кардиологической помощи.

 

Прием проводят врачи больницы Медицинского центра Управления Делами Президента Республики Казахстан, врач — кадиолог высшей категории Рауза Султанова, врач аритмолог Шаркар Смагулов, заведующий отделения № 5, кардиохирург Женис Козыбаев и врач травматолог — ортопед Жетпис Сулейменов.

По приглашению руководителя управления здравоохранения области Мукана Егизбаева в Туркестанскую область прибыли лучшие кардиологи Казахстана.

Как известно, статистика по уровню заболеваний сердечно-сосудистой системы в Казахстане более чем неутешительная – причиной почти 60% смертей являются болезни сердца.

Во всем мире сердечно-сосудистые заболевания остаются основной причиной смерти населения. В большинстве развитых стран Европы этот показатель доходит до 40% всех случаев смерти.